"ЗАМАНАУИ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ" ТАҚЫРЫБЫНДА АҒАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ЗАМАНАУИ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ" ТАҚЫРЫБЫНДА АҒАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
09
сәуір
2024

"ЗАМАНАУИ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ" ТАҚЫРЫБЫНДА АҒАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Хамит Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 9 сәуір күні Шымкент қаласы білім басқармасының  бас маманы Жанадилов Талғат Оразбекұлы Шымкент каласы прокуратурасының тапсырмасына сәйкес “ЗАМАНАУИ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ" тақырыбында, ұстаздар мен оқушыларға түсіндірме жұмысын жүргізді. Кездесу барысында 
қала прокуратурасы мен Ішкі істер департаментінің арнайы бірлесіп түсірген бейнероликтері көрсетілді. Көп жағдайда «телефон алаяқтары» азаматтарға несиені заңсыз ресімдеу әрекеттері туралы хабарлайды және күмәнді операцияны жою сылтауымен банк карталарының деректемелерін анықтайды немесе олар көрсеткен есеп айырысу шоттарына ақша аударуға сендіреді, бұл әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 190 – бабында көзделген қылмыс белгілеріне жататынын түсіндірілді.
Сонымен қатар, sms хабарламалар арқылы келіп түсетін дербес деректер мен кодтарды, телефонға бағдарламалар орнатуды, сондай-ақ жеке сипаттағы өзге де мәліметтерді хабарлауға болмайтыны оқушыларға, ұстаздарға және ата-аналарға түсіндірілді. Мұндай телефон қоңыраулар түскен кезде сөйлесуді дереу тоқтатып, полицияға хабарлау керек екенін ескертілді. Жұмыс барысында тыңдаушылар туындаған сұрақтарын қойып, Талғат Оразбекұлының тарапынан кеңінен жан-жақтытүсіндіру арқылы жауап алды. Кездесу соңында қатысқан азаматтар қажет ақпарат алғандарына өз алғыстарын білдірді. Осындай түсіндірме жұмыстары интернет алаяқтарының құрбан болмауына тосқауыл болатыны анық.