18
қазан
2024
“Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ” сайысы
Х.Әлімжан атындағы N85 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 18 қазан күні 3 сынып үйірме жетекшілері “Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ” сайысын өткізді. Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз
Мақсаты – балалардың мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жатқа білуі мен есте сақтау дағдыларын дамыту, қазақ тілінің байлығын, адамгершілік, отаншылдық, еңбекқорлық,бірлік және ынтымақ тәрбие құндылықтарын насихаттау.
Сайыс балалардың тіл байлығын арттырып, командалық жұмыс жасау дағдыларын дамытуға,өздігінен ізденуге мүмкіндік берді. Қатысушылар 1-ші және 2-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды. Оқушылар халық даналығының сырына қаныға түсіп, өздерін рухани дамытты. Ата-бабамыздан келе жатқан асыл қазынаны бүгінгі және келер ұрпаққа жеткізу - қасиетті парызымыз. Оқушылардың қазақ мәдениеті мен фольклорына деген қызығушылығы артты.
3-сынып үйірме жетекшілеріне алғыс білдіреміз.