«ЖАС МАТЕМАТИКТЕР» САЙЫСЫ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
желтоқсан
2023

«ЖАС МАТЕМАТИКТЕР» САЙЫСЫ

Математика - ең маңызды ғылым бұл,
    Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
  Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде 20 желтоқсан күні қосымша білім беру педагогы Д.Б Есенбекованың ұйымдастыруымен «ЖАС МАТЕМАТИКТЕР» тақырыбында «Жас математик» үйірме жетекшілері  Н.Ө Өмірзақова, Қ.У Бекова, Ф.А Кадирова интеллектуалды сайыс өткізді.    Мақсаты: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын, математикалық ой өрісін, өлеңдер, мақалдармен берілген есептерді шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін аттыру, алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
«Кім жүйрік ойға, сол алда»,-дегендей , сайыс 2 топтан: 
1 «Алғырлар»
2 «Тапқырлар»
5 кезеңнен тұрады: 
1. Таныстыру
2. «Бәйге» (тапқырлық сайыс)
3. «Ойлы болсаң озып көр» (логикалық тапсырмалар)4. «Мақалды жалғастыр»
5. «Адасқан әріптер» (математикалық терминдер)
  2 топтың  оқушылары бес кезеңде де оза шауып, өзінің зейінін, ойын, жүріс тұрысын, кішкентай нәрсеге көңіл аудару, байқау, есте сақтау қабілеті жоғары, дұрыс және тез шешімді қабылдап, өздерінің шапшаңдықтарын көрсетіп белсенділік танытты. Сайыс тартысты,  қызықты өтті.  Сайыс соңында екі топқа мадақтау,алғыс  сөздер айтылып, жеңімпаз топ  марапатталды.  Алар асуларың әрдайым биік болсын!