АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУ СӘН ЕМЕС, ЗАМАН ТАЛАБЫ!
Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Мәдениетті, жан-жақты, ұлтжанды, рухани дүниесі бай жастар тәрбиелеп шығару оқытушының басты мақсаты. Жаһанданған заман елімізді барлық елдермен бәсекелесе дамуға итермелейді. Осы мақсатта мектебіміздегі білім алушыларға ағылшын тіліне қызықшылығын арттыру, терең меңгерту мақсатында 8 сыныптар арасында ағылшын тілі пәні мұғалімі, магистр, педагог-модератор, Мырзахметов М.К. ұйымдастыруымен 21.09.23 күні «The leader of the XXI Century» интеллектуалды сайыс-сабақ болып өтті. Сайыс-сабақ ұйымдастыру кезеңімен басталды. Қатысушылар ол кезеңде «Teacher says» ойыны арқылы 2 топқа бөлінді. Алғашқы кезеңде “Remember it” ойын әдісі арқылы оқушылардың есте сақтау және қызығушылығын арттыру мақсатында интерактивті панель арқылы тақырыпқа байланысты презентацияда бос орындарға суреттерді сәйкестендіріп ағылшын тілінде атады. Келесі кезеңде “Tower of words” тыңдалым дағдыларын жетілдіру мақсатында мұғалімнің ұсынған суреттеріне қарап, ағылшынша атап, сөздер мұнарасын жасады. Соңғы кезеңде «Climate, Freezing, Rain, Temperature, Warm, Man-made, Heat, Global warming, North and South Pole, Sea, Land, Power Station, International agreement, Switch off, Regreen, Reduce, Walk, Amount» 2 топқа жеке кілттік сөздер беріліп оқушылар топта талқылап, дәптерге жазып сипаттама берді.
Сабақта қолданылған белсенді әдіс–тәсілдер өз нәтижесін берді. Оқушылар жоғары қызығушылықпен сабаққа қатысып, ағылшын тілі пәнін асыға күтетініне тоқталды. Сабаққа енген мұғалімдер тарапынан да тек оң пікірлер айтылды.


