19
наурыз
2025
«ЖАҢАРУ КҮНІ» АҒАШ ЕГУ ДӘСТҮРІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінің» 2024-2025 оқу жылының Наурыз мейрамына арналған 14-23 наурыз аралығында өткізілетін «Наурызнама» онкүндігінің іс-шара жоспарына сәйкес 19.03.2025 ж күні 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Жаңару күніне» орай ағаш егу дәстүрін жасап,мектеп ауласына ағаштар отырғызды. «Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу - маңызды істердің бірі. Егілген ағаштың, өскен өсімдіктің әуе алабына тигізер пайдасы зор
19 наурыз Жаңару күні жаппай ағаш отырғызу дәстүрі Қазақстанның жаңару кезеңін, дамуы мен гүлденуін бейнелейді. Бұл – көктемгі жаңару мерекесі. Табиғат өзгеріп, өмір қайта жанданады деп саналады. Жаңару күні ел өміріндегі және әрбір азаматтың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Наурызнаманың әр күні елімізде игі іс-шаралармен жалғасып, ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп жатыр. Бұл күні үлкендер ағаш егіп, ұрпағымыз көктеп, көгерсін деп ниеттенеді. Көктеп, көгеру дегеніміз – ұрпақтың өніп-өсуі.