Киіз үй –шаңырақ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
наурыз
2025

Киіз үй –шаңырақ

Бүгін «Бір сынып –бір  фокус» жобасы аясында назардағы сынып оқушыларымен «Киіз үй –шаңырақ»  тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Толебаева Алина ықшам сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және олардың өзара қарым-қатынасын дамыту. Сабақ барысында оқушылар «Киіз үй –шаңырақ»  астында бірігіп, лентаға жапсырылған шаңырақ бейнесіне өз есімдері жазылған суретті алып, орындарына жайғасты. Шаңырақ бейнесіндегі суреттегі жұптасына тілек жазылды. Шаңырақтың символдық мәні ашылды. Әр оқушы  өз тілегін оқып, жұптасына тапсырды. Жұптық жұмыс арқылы бір-біріне көмек көрсетіп, ынтымақтастықта жұмыс істеді. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын жетілдіріп, ұжымдық жұмысқа деген қызығушылықтары артты. Оқушылар өзара түсіністікте, құрметте және бір-бірінің пікіріне көңіл бөлу керектігін ұғынды.