10
қазан
2022
КӘСІБИ ДАМУ - ҮЗДІКСІЗ ӨСУ КЕПІЛІ!
КӘСІБИ ДАМУ - ҮЗДІКСІЗ ӨСУ КЕПІЛІ!
Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Үздік қысқа мерзімді жоспар» байқауы өтті. Байқау екі кезеңнен құралып, бірінші кезеңнің жеңімпаздары 2- кезеңде бақ сынасты.
Бұл тәжірибе алаңында мұғалімдер үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес, оқыту мақсаттарын таңдап, сабақ мақсатын дұрыс құра алуы және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытумен қатар, ЕББҚ бар оқушылар үшін сараланған тапсырмаларды жоспарлай алуы зерделенді. Ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар әзірлеуі басты назарда болды.
Байқауда бастауыш сынып мұғалімі Жұмадиллаева Назира Ажибековна өзінің кәсіби құзіреттілігі және талапқа сай жоспарлай алу қабілетімен жеңіске жетті.




