03
ақпан
2023
ҚМЖ: БАСЫМДЫЛЫҚТАР МЕН ЖЕТІЛДІРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
ҚМЖ: БАСЫМДЫЛЫҚТАР МЕН ЖЕТІЛДІРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
Бүгін мектебімізде мұғалімдердің әлеуетін арттыру шығармашылық тобының ұйымдастыруымен жас мамандарға арнап «ҚМЖ: басымдылықтар мен жетілдіру стратегиялары» атты семинар сабақ өткізді. Семинар сабақта шығармашылық топ мүшесі Пайзханова Зарина қысқа мерзімді жоспардағы басымдықтарға тоқталды.Олар:
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды қоғамдық ортаға бейімдеу.
Ойлау деңгейлеріне сай тапсырмалар түрлерін әзірлеу.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
Бағалау құралдарын әзірлеу.
Бағалау жүйесі: бағалау критерийі мен дескриптор туралы топ мүшесі Байзакова Нағима таныстырылым жасады. Ал, Жанас Салтанат жас мамандарға ашық және жабық тапсырмалар, оларды құрастырудағы тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, Learningapps және Wordwall платформаларымен қалай жұмыс жасау керектігі жайлы мағлұмат беріп, Padlet вертуалды тақтасының мүмкіндіктеріне тоқталды.
Жас мамандар бүгінгі семинар сабақтан бағалау критерийін, дескриптор, және сабақ мақсатына сәйкес тапсырмалар құрастыруды үйренумен қатар, түрлі платформалармен жұмыс істеуді меңгерді.




