01
қараша
2022
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ- МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТЫРУ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ- МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТЫРУ
Бүгін мектебімізде мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттыру бойынша функционалдық сауаттылық және жаңа жаһандық талаптарды ескере отырып, «Жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндер бойынша функционалдық сауаттылықты қалыпттыру жолдары» тақырыбында коучинг өтті. Коучингте бастауыш сынып және математика пәні мұғалімдері қамтылды. Нәтижесінде қатысушылар қысқа мерзімді жоспарға функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған деңгейлік тапсырмаларды жоспарлауды үйренді. Әр педагог шынайылық пен сыншылдықты, ойлап табушылық пен бақылаушылықты қолдана отырып, тапсырмалар орындады. Қатысушылар математика пәнінің мұғалімі, педагог- зерттеуші Н.Ж. Аширбековаға табысты коучинг ұйымдастырып, әріптестерінің кәсіби әлеуетін арттырудағы қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. 





