14
ақпан
2025
«АУҒАН СОҒЫСЫ - ЖҮРЕКТЕГІ ЖАРА»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Х.Әлімжан атындағы №85жалпы орта білім беретін мектебінде Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына байланысты 14.02.2025ж күні ДТІЖО-ы Л.Т.Сайрамбаева мен Г.Е.Базаркулова, АӘД оқытушысы М.Имашовтың ұйымдастыруымен «Ауған соғысы – жүректегі жара» атты кездесу болып өтті.Кездесуге 9,10-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты. Қонақ болып келген ауған соғысы ардагерлері: КулмурзаевАтынбай,Шалданович,Шарипбаев,Бахтияр Солтанович,Хасанов Жумабай Юнусович,Мустафаев Аскар Ережепович.Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. “Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу. Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу,жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған,жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу,жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге,тарихи тағылым беру,оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке баули отырып тәрбие беру, Отанын сүюге тәрбиелеу.Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, оқушыларды Қазақстандық патриотизмге баулу мақсатында ұйымдастырылған іс- шара жоғары деңгейде өтті.
