06
наурыз
2025
Тәрбие жұмысы мен оқу үдерісінің интеграциясы

«Бір сынып –бір фокус» тәжірибелік жобамыздың жоспарлау кезеңінің 3-күнінде «Тәрбие жұмысы мен оқу үдерісінің интеграциясы. Топтық жұмыс барысын ұйымдастыру» тақырыбында топ мүшелеріне тренинг өткізілді. Мақсаты: Мұғалімдер тәрбие жұмысы мен оқу процесінің үйлесімділігін назарға алу, интеграциялық тәсілдерді меңгеру. Мұғалімдерге топтық жұмыстың білім беру және тәрбиенің тиімді педагогикалық тәсіл екендігін түсіну. Топ жұмысы барынша қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі қолайлы аспект болғандықтан, қатысушылар топтық жұмыс жүргізу мақсаттары, топтағы бірлескен жұмыс жүргізу себептері, топтық жұмыс барысындағы дамитын дағдылар және мұғалімнің ролі талқыланды. Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда мұғалімдердің рөлі, сондай-ақ, оқу үдерісінде тәрбие элементтерін енгізудің маңызы айқындалды. Мұғалімдер оқу үдерісінде тәрбиенің маңызды рөлі мен оның оқушының тұлғалық дамуына қалай әсер ететіндігі туралы пікір алмасты. Соңында Триумф.Р.Кларктің тарихы» кинофильмі талқыланып,жоба жоспарына өзгерістер енгізілді.