17
ақпан
2025
«БІР СЫНЫП - БІР ФОКУС» ЖОБАСЫ
«Мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы» тақырыбында 17-25 ақпан аралығында педагогикалық шеберлік орталығының
ұйымдастырылуымен курс өткізілді. Курстың теориялық кезеңінен кейін, мектептегі практикалық кезеңінде «Бір сынып –бір фокус» жобасы аясында «Бізден шәй - сізден әңгіме» мұғалімдермен ойпікір алмасу, тәжірибе бөлісу, команда құру, рөлдерді бөлу мақсатында дәстүрлі емес форматтағы кәсіби сұхбат өткізілді. Жобаның өзектілігі –назарға алынған сыныптың білім сапасының төмен көрсетуі, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара түсініксіздіктің болмауы, оқушылар арасында өзара коммуникативті қарым-қатынасы әлсіз, ынтымақтастығы қалыптаспағандығы назарға алынды. Жобаның мақсаты –сынып оқушыларын ортақ мақсатпен өзара түсіністік пен құрмет, қарым-қатынас пен коммуникация, жауапкершілік пен ынтымақтастығын дамытуда мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету.
Кездесу барысында мұғалімдер аталған сыныптағы оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекеттерін айта отырып, қарым-қатынасты жақсарту үшін ойларын ортаға салып, оқушылармен тиімді жұмыс жасау, оқу үдерісін жақсарту жолдары туралы пікірлерімен бөлісті. Құнды кеңестер мен тың идеялар кездесу барысында айтылып, жобаны бірлесе орындау үшін рөлдері бөлініп, жоспар құрылды.