Қазақ тілі онкүндігі аясында мұғалімдер мен оқушылардың кәсіби және жеке даму мақсатында “SWOT тақырыбындағы рефлексиялық коучинг” сессиясы ұйымдастырылды.
Коучинг мақсаты – қатысушылардың өз күшті және әлсіз тұстарын саралап, мүмкіндіктер мен кедергілерді анықтау арқылы өзін-өзі тануына ықпал ету.
Коучинг барысында:
SWOT талдаудың мәні мен құрылымы түсіндірілді
Жеке және топтық рефлексия жүргізілді
Қазақ тілі мен әдебиеті пәніндегі әдістемелік тәжірибе бойынша ой бөлісті
Болашаққа бағытталған даму стратегиялары талқыланды
Қатысушылар өз тәжірибесіне сыни көзбен қарап, кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашты. Бұл сессия ұжымдық бірлік пен ішкі мотивацияны арттыруға сеп болды.