12
қыркүйек
2025
«ТІЛДЕР ТОҒЫСҚАН МЕРЕКЕ» ҚАЛАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ
2025 жылдың 12 қыркүйегінде №140 жалпы орта білім беретін мектебінде Білім басқармасы Әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған «Тілдер тоғысқан мереке» қалалық фестивалі өтті.
Аталған шара көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне және Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткізілген онкүндіктің қорытындысы ретінде ұйымдастырылды.
Фестивальға қаламыздың білім беру мекемелерінен қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, өзбек тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәні әдістемелік бірлестігі жетекшілері қатысты.

