10
қараша
2022
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ
Қазақ ұлтының дара тұлғасы, ұлт жанашыры, қоғам қайраткері, қазақ әдебиеті мен тіл ғылымының, педагогика саласының негізін салушы, ұлтымыздың біртуар перзенті - А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы қарсаңында жас ұрпақтың танымдық, тағлымдық білімін арттыру мақсатында мектебіміздің 9-10 сынып оқушылары Әл- Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында
танымдық сабақта болды.
Шара барысында айтулы тұлға жайлы бейнеролик көрсетіліп, кейіпкерді жан-жақты қырынан таныту көзделді.Танымдық сабақта қонақта болған, Ордабасы ауданының құрметті азаматы, жазушы, журналист, аудармашы Захардин Қыстаубайұлы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті «Мұхтартану» ғылыми зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., доцент Ақжол Қалшабек,Оңтүстік Қазақстан Университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті ф.ғ.к., Мамыт Амангелді Алтыбайұлы болды. Оқушылар А.Байтұрсынұлының саяси-мәдени, әдеби еңбектерімен танысып, өз ойларымен бөлісті.