26
наурыз
2025
ЭЖжЗШХҚП (ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ЗАРДАП ШЕККЕН ХАЛЫҚТЫ ҚАБЫЛДАУ ПУНКТІ) ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
« Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде» 2025 жылдың 26 наурызы күні Шымкент қаласының ұйымдарында орналасқан ЭЖжЗШХҚП (эвакуациялық жиналу және зардап шеккен халықты қабылдау пункттері) түсіндіру жұмыстарын өткізудің 2024-2025 жылдарына арналған жоспар кестесіне сай ЭЖжЗШХҚП №85 пунктте экстремалды жағдайлардағы іс-қымылдарға дайын болу үшін дайындық жұмыстары өткізілді. Бұл іс-шараға Шымкент қаласы ТЖД өкілі Ш.Ө.Зиядинов қатысты. ЭЖжЗШХҚП басшысы мұғалімдерге көлікпен қамтамасыз ету, эшелон құру тобы, қоғамдық тәртіп сақтау тобы, медициналық қызмет көрсету, ана мен балаға көмек көрсету, тіркеу және есепке алу, комендант, анықтамалық бөлім жұмыстарымен таныстырып өтті.







