11
қазан
2022
"ДҮНИЕНІҢ КІЛТІ - НАҚТЫ ҒЫЛЫМДА"
"ДҮНИЕНІҢ КІЛТІ - НАҚТЫ ҒЫЛЫМДА"
Х. Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде математика, физика- информатика онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Іс – шараға Астана қаласы Зерделі ақыл ой дамыту мектебінің бас директоры Қабиденов Қанат Қажыбайұлы , Шымкент қаласы Зерделі ақыл ой дамыту орталығының директоры Даулетова Аян Абдулхакова және Алтаев Жанат Тұрсынбекұлы қатысты. Апталық барысында "Қатты денелердің балқуы мен қатаюы" , "Компьютерлік желілер", "Ең үлкен ортақ бөлгіш" , "Операциялық жүйелер" , "Сыбайлас және вертикаль бұрыштар" , "Рационал сандарды салыстыру" , "Желіде тілдесу" , " Көп мүшені бір мүшеге көбейту" , "Жай бөлшектер" тақырыптарында ашық сабақтар өтілетін болады.




