«Менің ағашым»ағаш отырғызу акциясы » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
қазан
2024

«Менің ағашым»ағаш отырғызу акциясы

«Менің ағашым»ағаш отырғызу акциясы

«Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды,»- дейді. Соңғы кездері тал егу дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде. Мұның өзі қоғамға пайдасы зор игі бастама емес пе? 
 «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінің» 1-ші сынып оқушылары мен ата-аналары,ұстаздары «Менің ағашым» акциясы барысында 24 қазан  күні   мектеп ауласына 20түп  ағаштар отырғызды.
Акцияның басты мақсаты - оқушыларға жақсы үлгі көрсету, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, еңбекке баулуға, туған жерді қастерлеуді үйрету, мектеп ауласын  көркейту-көгалдандыру.Және де мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршіндер осы алтын ұя мектептерін аяқтап,үлкен азамат пен азаматша болғандарынша өздері еккен ағаштарын күтіп баптауға үйрету.Ағаш отырғызу адам өмірдегі ұлы істердің бірі. Адам болып өмірге келген соң үш нәрсе жасау адамдықтың басты ғұндылығы екен. Ол ағаш отырғызу, үй салу, ұрпақ сүю. Мұның қай –қайсыда адамға үлкен тәрбие аса жауапкершілікті жүктейді. Және адамның бар ғұмырындағы көзге көрінер, артта қалар ұмытылмас игі істері. Сөзімізге арқау болып отырған игі істердің бірі ағаш отырғызу. Әрбір адам   өз Отанынының  гүлденуі үшін аянбай еңбек ету керек.  Мұндай ел болашағы үшін жасалаған істерге барынша үлес қосу керек. Ол жастарға тәрбие . ұрпаққа аманат. « Бір тал кессең, он тал ек» деп бекер айтылмаған. Ендеше бірге баптап, адами ұлы істерге тартайық. Ағаш отрығызу бір дүние, оны дұрыс баптап,қисайтпай өсіру тіптен ғанибет. Әрбір елім деген азамат ағаш отырғызса үлкен іс.