25
желтоқсан
2025
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Х.Әлімжан атындағы №85 ЖОББМ-де 25 желтоқсан күні ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жылдық жоспарына сәйкес 1-4 сынып ата-аналарын қолдауға мақсатында “Баланы жастан...” тақырыбында бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны қалай дамытуға болатындығы туралы интеллектуалды ойын өткізілді.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың үйде балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға бағытталған интеллектуалдық ойындар мен жаттығуларды қолдану дағдыларын дамыту.
Кездесу барысында баланың жеке тұлға болып қалыптасуындағы ойынның маңыздылығы, оның бала дамуындағы зияткерлік қасиеттерінің қалыптасуындағы рөлі туралы сөз қозғалды. Ата-аналармен кері байланыс орнатылды.
Ата-ана мен баланың бірлескен жұмысының арқасында ынтымақтастық пен әлеуметтік интеллект, жауапкершілік пен шығармашылық қасиеттердің артатыны анық.