20
желтоқсан
2023
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысын жүзеге асыру.

Х.Әлімжан атындағы №85 ЖОББ мектебінде «Даналық мектебі» аясында 2023 жылдың 20-желтоқсан күні балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар беру, балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Баланы жастан...» тақырыбында бастауыш сынып жетекшілері А.Омарова мен Ф.Кадированың ұйымдастыруымен ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс ата-аналардың өзін таныстыруымен, бір- бірлеріне жылы лебіздерін жеткізуімен бастау алды.
Ата-аналарға аппақ қағаздан бала бейнесін жасау ұсынылды.Жасаған адам бейнесіне ұл-қыздарының келешекте қандай болғанын қалайтындығын , арман-тілектерін жазды. Өздері жасаған бейненің тұлға болып қалыптасуы, өздері қалағандай азамат болып өсуіне бала кезден тәрбие беруге ата-ана мен ұстаздардың ықпалы зор екендігін тілге тиек етілді.
Жиналыс барысында бала тәрбиесіне байланысты өзекті мәселелер қозғалып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алып, ата-аналар риза болып тарқасты.