11
қаңтар
2024
АТА АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Х.Әлімжан атындағы N85 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 11-12 қаңтар күндері 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысы болып өтті. Ата-аналар жиналысының басты мақсаты-бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жиналысы ата-ана мен мұғалімдер арасындағы кері байланыс форматында жүргізілді. Сынып жетекшілер “Ата-аналарға тілек” , “Болашақта балаңның қандай болғанын қалайсың” тренингін жүргізді. Ата-ана өз баласының білім сапасының деңгейін, тоқсандық оқу қорытындысын, бала қауіпсіздігін, тәрбие жөніндегі жетістіктері туралы әр мұғалімнен жеке мәлімет ала білді. Ата -аналар мектепке қатысты сұрақтарын қойып,көңілдеріне қонымды жауаптарын алып, ұжымға толағай табыстар тіледі.





