12
қаңтар
2024
АТА - АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Х. Әлімжан атындағы N 85 жалпы орта білім бететін мектебінде 11 "А,Ә" сыныбы оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен ата- аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс 11-сынып оқушыларының ата-анасына хатын оқытумен басталды. Хатты оқи отырып, баласының жай- күйі мен перзенттік махаббатын таныған аналар көзіне еріксіз жас алды. Бұл қатысып отырған мұғалімдерге де ой салды. "Бала- көз нұрың, бауыр етің,-" деген бабалар сөзі осы шығар?! Жиналыстың келесі сәтінде сынып жетекшісі сыныптың білім сапасына тоқталып, салыстырмалы талдау ұсынды. Сондай- ақ, барлық пән мұғалімдері оқушылардың ҰБТ-ға дайындығы туралы айтып,әр оқушыға жеке тоқталып өтті. Ата- аналардан түскен сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар ата-аналарға мектептің ішкі тәртіп ережесін балалардың сақтауы, ЖЖЕ және техника қауіпсіздігі ережелері жөнінде нұсқаулықтармен таныстырылып нұсқаулыққа қол қойды. Бала мен ата- ананың арасында алтын көпір болуға бағыттаған жиналысты ұйымдастырған сынып жетекшісі Ләззат Ерғалиқызына және пән мұғалімдеріне үлкен рахметімізді айтамыз.



