27
қараша
2024
ОҚУШЫЛАРДЫ ҰБТ-ға ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
ҰБТ-ға дайындықты жүйелі түрде бастау – сәттілікке апаратын жол! Қазіргі кезде уақыттың қаншалықты құнды екенін түсініп, әрбір күнді тиімді пайдалану маңызды. Дайындық барысында тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар дұрыс стратегия мен психологиялық дайындық та үлкен рөл атқарады. Сондықтан оқушылардың алған білімдерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу мақсатында 27 қараша күні 11 «А», «Ә» сынып оқушылары «Юстади» тест орталығына барып, тест тапсырды.Тестті ойдағыдай тапсырып, жақсы көңіл-күймен қайтты. Алға қойған мақсаттарыңызға жету үшін табандылық пен еңбекқорлық қажет. ҰБТ-ны жеңіп, арманыңызға бір қадам жақындаңыз,бітіруші түлек!

