06
қаңтар
2026
КАНИКУЛДАҒЫ СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАР
«Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде» оқушылардың қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді пайдалануға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 06.01.2026ж күні Э.Махамедовтың ұйымдастыруымен оқушылар арасында волейболдан жарыс өткізді.
Мақсаты:
• Оқушылардың дене шынықтыру деңгейін арттыру, ептілік пен шапшаңдықты дамыту
• Командалық жұмысқа, өзара түсіністік пен жауапкершілікке тәрбиелеу
• Салауатты өмір салтын насихаттау
• Волейбол ойынының ережелерін меңгерту және ойын мәдениетін қалыптастыру
• Әділ бәсеке арқылы спорттық мінез-құлықты дамыту
• Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру
Мектепте волейболдан жолдастық ойын ұйымдастырылды. Оқушылар екі командаға бөлініп, өзара күш сынасты. Ойын барысында олар ептілік пен шапшаңдықты, бір-біріне деген қолдауды көрсетті. Әр ұпай үшін тартысты күрес жүріп, жанкүйерлердің қолдауы ойынның көркін арттырды. Бұл волейбол ойыны оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлап, спортқа деген қызығушылығын күшейтті.
