21
қараша
2025
USING THE INTERNET IN EDUCATION : BENEFITS AND RISKS
Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде ағылшын тілі онкүндігі аясында 21 қараша күні 9-10 сынып оқушылары арасында «Using the Internet in Education : Benefits and Risks» тақырыбында дебат сайысы өтті. Дебат сайысының мақсаттары оқушыларды сыни ойлау қабілетін дамыту, шешендік және коммуникативтік дағдыларды жетілдіру ,қоғамдық мәселелерге деген көзқарас қалыптастыру ,командалық жұмысқа үйрету , қарсы тарапты тыңдау және құрметпен пікірталас жүргізу мәдениетін дамыту. Сайысқа 9 –сынып оқушыларынан құралған «Smart Speakers» және 10-сынып оқушыларынан «Eagles» топтары қатысты.Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдермен сөйлеп, қарсы тараптың уәжіне жауап беру секілді дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Топтардың дайындығы тыңғылықты, ал пікірталас барысы – қызу және мазмұнды болды.Жеңімпаз топ және үздік спикер әділқазылар шешімімен анықталып, арнайы марапаттармен марапатталды. І орын «Smart Speakers» тобы ,ал ІІ орын «Eagles» тобы иеленді. Үздік спикер 10-сынып оқушысы Бастарбек Қазыбек атанды.

