«ЖЫР ҚҰЛАГЕРІ - ІЛИЯС» » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
ақпан
2024

«ЖЫР ҚҰЛАГЕРІ - ІЛИЯС»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамит Әлімжан атындағы N85 жалпы орта білім беретін мектебінде 15.02.2024 жылы 9 А,Ә, Б сыныптары арасында  «Бір ел- бір кітап 2024» акциясы аясында  «Жыр құлагері - Ілияс» тақырыбында «Үздік оқырмандар» сайысы өтті. Сайыс сабағы қазақ әдебиетін насихаттау, оқушылардың  кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру мақсатында жоспарланды.
        Оқушылар қазақ прозасына ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасымен  танысты, шығарманы зерттеді, талдады, автор стиліне өзіндік баға берді. Кітап оқу мәдениеті қалыптасты.
    Оқушылардың көркем әдеби шығармаларды оқуға қызығушылығын арттырып, талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға баулып, баптап отырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог- зерттеуші Нархашова Рабия Нуралбайқызының ерен еңбегін біз, әріптестер жоғары деңгейде бағалаймыз.