«ӘР БАЛА - ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ» САЙЫС САБАҚ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
ақпан
2024

«ӘР БАЛА - ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ» САЙЫС САБАҚ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Х.Әлімжан атындағы №85  жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 28 ақпан күні 3 сыныптар арасында “Әр бала-жарық жұлдыз” тақырыбында пәндік сайыс өткізілді.
Мақсаты:Оқушылармен  түрлі жұмыстар жүргізу арқылы оқу үлгерімін арттыру. Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау, оқу сапасын көтеру, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру, арттыру.
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Көрнекті іс–әрекеттік сөздік–логикалық, ойлау әрекеттерін дамыту, сабаққа қызығушылығын арттыру, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру.Сайыс 5- кезеңнен тұрды. 
1. «Кім тапқыр?» қазақ тілі пәні бойынша
2. «Ұшқыр ой» әдебиеттік оқу пәні бойынша
3. «Кім жылдам?» жаратылыстану пәні бойынша
4. «Ойна да, ойла» математика пәні бойынша
5. «Жылдам қоңырау шал» математика пәні  бойынша өтті. Әрбір кезең өте қызықты өтті. Ең қызықты өткен 5-кезең бойынша балалар өрнетерді орындай отырып сайыстағы апайлардың номерін тауып, қоңырау шалды. Пәндік сайыста WORDWALL, kahoot ,emaze платформалары қолланылды!
Қатысушылар топтық,жұптық,жеке тапсырмалар орындады. Сайысқа Білгірлер, Тапқырлар, Алғырлар тобы қатысты. Алғырлар тобы жеңіске жетті.




Похожие публикации: