18
қазан
2022
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ АПТАЛЫҒЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ АПТАЛЫҒЫ
17 қазан күні мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті әдістеме бірлестігі апталығының ашылу салтанаты өтті. Апталықтың ашылуына әдістемелік бірлестік мүшелері және 6,9,10-сынып оқушылары белсене қатысты.
Салтанатты жиын барысында оқушылар өнерлерін көрсетіп,тіл мен әдебиет туралы өлең шумақтарын оқыды. Бірлестік мұғалімдері тарапынан қазақтың салт-дәстүріне айрықша көңіл бөлініп, киіз үй ішіне қазақтың қонақжай халық екендігін көрсету мақсатында дастархан жайылды. Салтанатты ашылуды мектеп ұстаздары мен оқушылары таңдана тамашалады.






