08
сәуір
2024
АТА - АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамит Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде 8-9 сәуір күні ата - аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың мақсаты:
Тұлғаны рухани - адамгершілік дамыту мен тәрбиелеу, Рухани-адамгершілік негіздері әр отбасының іргетасының берік болуына ықпал ететінін ұғындыру, жалпыадамзаттық құндылықтарды отбасыда қарастыру мәселесін өзекті ету.
Жиналыс барысында 2023-2024 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесіндегі ерекшеліктер: сабақ кестесі, оқу пәндері, пән мұғалімдері туралы ақпарат берілді.
Мектептің ішкі тәртіп ережесі мен сабаққа кері әсер ететін тиым салынған заттарды алып келмеу туралы мектепішілік ережелермен таныстырылып, түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Сонымен қатар оқушы мен ата-ананың міндеттері, жүктелетін жауапкершілігі де айтылды. Жиналысқа қатысқан ата-аналар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Ата - аналар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.