«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
ақпан
2025

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Х.Әлімжан атындағы №85  жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сыныптарында 19.02.2025ж күні  "Таза Қазақстан" акциясы аясында сынып сағаты өтті. Сабақтың тақырыбы — “Тазалықты өзіңнен баста!”.
 Мақсаты:
Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту,шығармашылық қабілеттерін,жақсылық жасай білу іскерліктерін,ойлау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Табиғатты қорғауға,елін,жерін сүюге,мейірімділікке,ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру.Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.
Оқушылар табиғатты сақтау не үшін маңызды екенін талқылап, экологиялық жағдайды жақсартуға арналған идеяларымен бөлісті. Сондай-ақ, әрқайсымыз туған жеріміздің тазалығына қалай үлес қоса алатынымызды әңгімеледі.
Әсіресе, қоқысты бөлек жинау, суды және энергияны үнемдеу, ағаш отырғызу сияқты бастамалар ерекше назар аудартты. Балалар әр адамның кішкентай әрекеттері үлкен өзгерістерге әкелуі мүмкін деген идеяға шабыттанды!

Табиғатты қорғау — болашағымызға қамқорлық жасау!