28
қараша
2023
СІЗДЕР АМАН БОЛЫҢЫЗДАР ЖАҚСЫ АДАМДАР, ҚАРАП ӨССІН СІЗДЕРГЕ БАСҚА ЖАНДАР…
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырылуымен 2023 жылдың 28-30 қараша күндері Атырау қаласында шығармашыл оқушылар арасындағы республикалық «Махамбет оқулары» байқауы өтті. Қалалық кезеңінің жеңімпазы, талантты шәкіртіміз Шонтыков Ерасыл республикалық байқауға жолдама алып, «Шашақты найза, шалқар күй» –Махамбет күйлерін орындаушылар номинациясы бойынша байқауға қатысып, сертификатпен марапатталды.
Атырау қаласында өткен бұл байқауға оқушымыз Ерасылға қаржылай көмек көрсетіп, ағалық мейірімін танытқан «Нұртас» мөлтекауданы округінің депутаты Марат Бортаевич Утемисовті жүрегі жұмсақ, жаны таза, жомарт жан екенін мақтанышпен айтқымыз келеді. Өнерге деген шексіз ықыласыңыз бен балаларға қамқорлығыңыз үшін алғыс білдіреміз. Сіз сияқты адамдардың қатары артса елдің сәні, дамуы, мейірім мен қамқорлық арта береді деген сенімдеміз. Әрбір бастамаңызға сәттілік , табысыңызға береке дарысын дегіміз келеді.