БАЛА ОЙЫНМЕН ӨСЕДІ, ДАНА ОЙМЕН ӨСЕДІ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
ақпан
2024

БАЛА ОЙЫНМЕН ӨСЕДІ, ДАНА ОЙМЕН ӨСЕДІ

«Бала ойынмен өседі, дана оймен өседі» дегендей ойынның тәрбиелік мәні ерекше.
       Халқымыздың ұлттық ойындары негізінен алғанда үш жүйеден тұрады: ойын – сауық, дене шынықтыру, спорт және ой шыңдау. Балалар ойын арқылы шынығып өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. 
Шымкент қаласы Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта біілім беретін мектебінде  «ТӨРТ ТОҚСАН- ТӨРТ ӨНЕР» жобасы аясында 4 сынып оқушылары ортасында қазақтың  ұлттық ойындары «Бес табан», «Бес асықтан» жарыс өткізілді
Мақсаты: Оқушылардың денсаулығын, ой өрісін, икемділігін, шапшаңдығын, ұлттық ойынға қызығушылығын дамыту;
Жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу. 
Ұлттық ойындардың бір өзінде қаншама тәрбиелік мән жатыр. Ұлттық ойындардың пайдасы өте көп. Ұлттық ойындар баланы шымырлыққа, ептілікке баулиды. Дененің қимыл-қозғалысын ширатуда ешбір спорт түрінен кем түспейді. Сонымен бірге балалардың зердесін, дүниетанымын кеңейтетін бірден бір ойын. Оқушыларды достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелейді.