«Дүниежүзілік балалар күніне» арналған республикалық онкүндіктің іс-шара жоспарына сәйкес 17.11.2025 ж күні «Бақытты бала-бейбіт елдің тірегі» тақырыбында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекет жүзеге асырып жатқан іс-шаралар туралы ата-аналарды хабардар етілді.
Мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру мақсатында, 2025 жылдың 6 қараша күні мектебімізде ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды.
Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде 30 қазан күні буллингтің алдын алу және оқушылар арасында өзара сыйластық пен мейірімді қарым-қатынас орнату мақсатында мектеп психологтары ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізді.
ЖАС ЖЕТКІНШЕКТЕРІМІЗ ҚАЛАЛЫҚ «ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Х.Әлімжан атындағы №85 ЖОББМ 2025 жылғы 24 қазан күні қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.
«Республика күніне және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай өткізіліп отырған іс-шара жоспарына сәйкес 24.10.2025ж күні «Қыран елім- Қазақстан!» тақырыбында мектеп оқушылары арасында бір мезетте Мемлекеттік Гимнді орындау жалпы республикалық акциясы ұйымдастырылды.
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ ПРЕЗИДЕНТІН - САЙЛАУ - 2025! Бүгін, 23 қазан күні, Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Х. Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде Мектеп Парламенті Президентін сайлау өтті.